Accessibility links

Әзербайжанда оппозиция жетекшілеріне айып тағылды


Полиция наразылық танытушыны ұстап әкетіп барады. Исмаилие, 24 қаңтар 2013 жыл.
Полиция наразылық танытушыны ұстап әкетіп барады. Исмаилие, 24 қаңтар 2013 жыл.
Әзербайжанда оппозицияның екі жетекшісіне "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып тағылып, іс қозғалды.

"Мусават" партиясы жетекшісінің орынбасары Тофиқ Якублу мен "РЕАЛ" қозғалысының жетекшісі Ильдар Мамедов өткен айда болған жаппай тәртіпсіздіктерге айыпты деп танылса, үлкен көлемде айыппұл салынуы немесе үш жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Адвокаттарының айтуынша, саясаткерлердің жақтастары да жауапқа тартылуы ықтимал.

Саясаткерлерге тағылған айып Бакуден 150 километр қашықтықта орналасқан Исмаиллы қаласында 23 қаңтарда болған наразылықтармен байланысты.

Сол күні қаланың мыңдаған тұрғыны қала басшысының қызметтен кетуін талап етіп, жергілікті әкімшілік ғимаратын, қымбат көліктер мен қонақүйді өртеген еді. Полиция демонстранттарды көзден жас ағызатын газ бен су шашып таратқан. Сол күннің ертеңінде қалаға Тофиқ Якублу мен Ильдар Мамедов барып, халықты бағынбауға шақырған деген ақпарат тараған.
XS
SM
MD
LG