Accessibility links

Геология комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды


Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Мұрат Сайдуақасовты тұтқындады. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Қаржы полициясының ақпараты бойынша, "тергеу амалдары оның Қазақстанның Қытаймен шекаралас территориясының геологиялық құрылымын зерттеуге қатысты геологиялық және минерагендік картаны жасауға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру қылмысына қатысы барын анықтаған".

Сайдуақасов 28 қаңтарда тұтқындалып, 1 ақпанда сот санкциясымен үйқамаққа алынған.
XS
SM
MD
LG