Accessibility links

Брюссельде Малиге қатысты жиын басталады


Тимбуктуге кіріп келе жатқан француз әскерилері. Мали, 28 қаңтар 2013 жыл.

Тимбуктуге кіріп келе жатқан француз әскерилері. Мали, 28 қаңтар 2013 жыл.

Халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекет басшылары бүгін Брюссельде Малидегі жағдайға қатысты жиын өткізеді.

Жиынға қатысушы Африка одағы, БҰҰ, Еуропа Одағы және Батыс Африка мемлекеттері, Дүниежүзілік банк пен Африка даму банкінің делегациялары Мали үкімет күштері мен Франция әскерилерінің елдегі исламшыл топтарға қарсы операцияларын үйлестіру, тұрақтылық орнату жайын талқылайды. Малидегі дағдарысқа себеп болған кедейшілік пен саяси проблемалар да назардан тыс қалмайды.

Мали үкіметі елдің солтүстігін басып алған көтерілісшілерді ығыстырып шығару үшін халықаралық қауымдастықтан көмек сұраған соң, қаңтардың ортасында елге Франция әскері кіргізілген еді.
XS
SM
MD
LG