Accessibility links

Иранға қатысты келіссөздер Алматыда жалғасады


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Михаэль Ман.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Михаэль Ман.
Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің жалғасы 26 қаңтарда Алматыда өтетін болды. Бұл туралы Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Михаэль Манн хабарлады.

Оның айтуынша, Иран мен келіссөздерге қатысушы елдердің дипломаттары келіссөз өтетін орын мен күніне келісім берген.

Келіссөздерге АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия қатысады. ЕО осы елдер атынан келіссөздерді үйлестіру жұмысын мойнына алған.

Батыс елдері Иранды ядролық қару жасауға ұмтылады деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран тек бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді. БҰҰ мен бірқатар Батыс елдері Иранға ядролық бағдарламасынан бас тартпағандықтан бірқатар санкциялар салған.
XS
SM
MD
LG