Accessibility links

Украинада Тәжікстанның экс-премьері ұсталды


Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдулложонов.

Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдулложонов.

Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдулложонов Интерпол берген ордер бойынша Украинаның Борисполь қаласының әуежайында ұсталды.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, экс-премьер 5 ақпанда АҚШ-тан келген бойда ұсталған.

Абдулложонов 1994 жылы Тәжікстандағы президент сайлауында президент Эмомали Рахмонға бәсекелес болған еді. Кейін оған "1996 жылы Эмомали Рахмонға жасалған қастандыққа қатысы бар" деген айып тағылды.

Бұрынғы премьерге "1998 жылы Соғды облысындағы содырлардың шабуылын қолдады" және "ұйымдасқан қылмыс пен террористік әрекеттерге қатысы бар" деген айыптар да тағылған.

Абдумалик Абдулложонов соңғы он жылда АҚШ-та тұрды. Өткен жылдың күзінде Азаттық радиосына берген сұхбатында ол 1994 жылғы сайлауда "жеңгенін", бірақ Эмомали Рахмонның сайлауды бұрмалағанын айтқан.
XS
SM
MD
LG