Accessibility links

Біртұтас ұлттық зейнетақы қоры құрылмақ


Қазақстан премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов. Париж, 22 қараша 2012 жыл.
Қазақстан премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов. Париж, 22 қараша 2012 жыл.
Қазақстанда мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізінде ұлттық біртұтас зейнетақы қоры құрылмақ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовке сілтеме жасаған үкіметтің ресми сайты хабарлады.

Үкімет веб-сайтының хабарлауынша, ұлттық зейнетақы қорының иесі Қазақстан үкіметі болады. Азаматтардың барлық зейнетақы салымдары 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін осы қорға жинақталуы тиіс.

Қайрат Келімбетов ұлттық біртұтас зейнетақы қорының құрылуы "зейнетақы жинақтау жүйесінің ұстанымдарын өзгертпейтінін", барлық міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына "мемлекет кепілдік беретінін" айтады. Жинақталған зейнетақы қаржысы ұлттық банкте сақталмақ.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларына қазір ұлттық банк иелік етеді.

Үкіметтің 2013 жылы қаңтардың 23-і күні өткен кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірыңғай зейнетақы қорын құру туралы ұсыныс жасаған еді.
XS
SM
MD
LG