Accessibility links

"Голос Республики" редакторы ескерту алды


"Голос Республики" газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева.
"Голос Республики" газетінің бас редакторы Татьяна Трубачева.
Сот қаулысы бойынша жабылып қалған оппозициялық "Голос Республики" газетінің бас редакторы Татьяна Трубачеваға қылмыстық кодекстің 326-бабы бойынша "сот актісін қасақана орындамады" деген айыппен жауапқа тартылатыны туралы ескерту алды.

Басылым таратқан ақпаратқа қарағанда, ескертуді сейсенбіде "Голос Республики" газетінің редакциясына Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры әкелген. Ескерту осыдан екі апта бұрын шыға бастаған жаңа "Рипаблик" газетінің пайда болуымен байланысты.

"Енді прокурор "Рипабликтің" басылып шығуына менің қатысым бар екенін айтады. Газет 99 данамен шығады, сондықтан оны мемлекеттік тіркеуден өткізу қажет емес. Мен ол жерде редактор емеспін. Газет бетінде мен тек басты оқырман ретінде көрсетіліп тұрмын. Сондықтан прокурордың ескертпесін алудан бас тарттым" деген Трубачеваның сөзі баспасөз хабарламасында берілген.

Трубачева енді газетке өзінің ешқандай қатысы жоқтығын да ресми түрде мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG