Accessibility links

Канадалық компания Ақтөбеден мұнай тапқанын хабарлады


«Ембімұнайгаз» өндірістік филиалына қарасты Прорва кенішіндегі мұнай сорабы, Атырау облысы. (Көрнекі сурет).
«Ембімұнайгаз» өндірістік филиалына қарасты Прорва кенішіндегі мұнай сорабы, Атырау облысы. (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында барлау жұмыстарымен айналысатын канадалық Condor Petroleum Inc. компаниясы осы аудан аумағында орналасқан Қияқтысай KN-E-201 барлау ұңғымасынан мұнай табылғанын хабарлады.

Компанияның ресми сайты таратқан ақпаратқа қарағанда, көмірсутек қоры жердің 1408 метр тереңдігінде табылған. Мұнай қабатының қалыңдығы 136 метрге дейін жетеді.

Компания аталған ұңғымада қанша мұнай қоры барын жарияламаған.
XS
SM
MD
LG