Accessibility links

Құлаған ұшақтың "қара жәшігі" сарапталды


Оқиға орнында жүрген құтқару қызметі өкілдері. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл

Оқиға орнында жүрген құтқару қызметі өкілдері. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл

Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) Алматыда апатқа ұшыраған CRJ-200 ұшағының «қара жәшігін» сараптады деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты.

«Апат туралы ақпарат бар. Борт тіркегіштегі ақпараттардың барлығы көшіріліп, әрі қарай 13 ИКАО шартына сәйкес өңделіп талдау үшін зерттеу комиссиясына тапсырылды" деп мәлімдеген комитеттің баспасөз қызметі.

Қаңтардың 29-ы күні Алматының жанындағы Қызылту ауылы маңына Scat компаниясының жолаушылар ұшағы құлап, 21 адам қаза тапқан еді.

Апат орнынан табылған "қара жәшік" қаңтардың 30-ы күні Мәскеуге сараптамаға жіберілген.

Бұған дейін апатқа адам факторы немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған болатын.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG