Accessibility links

Сауд Арабиясында ЦРУ-дың құпия базасы бары мәлім болды


Пилотсыз басқарылатын ұшақ. (Көрнекі сурет).

Пилотсыз басқарылатын ұшақ. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) Сауд Арабиясының аумағындағы құпия әскери базасын көршілес Йеменге пилотсыз ұшақпен әуеден шабуыл жасауға пайдаланады деп жазады The New York Times газеті.

Басылымдағы ақпаратқа қарағанда, база 2010 жылы "Әл-Қаида" ұйымының жоғары шенді өкілі, АҚШ-тан шыққан Ануар әл-Авлакиді өлтіру операциясында пайдаланылған. Базаның нақты қай жерде орналасқаны құпия.

The New York Times жариялағанға дейін Associated Press, Washington Post сияқты кейбір ақпарат құралдары бұл әскери базаның бар екенін білген. Бірақ АҚШ-тың "Әл-Қаидаға" қарсы операцияларына кері әсер етуі мүмкін деген қауіппен оны хабарламаған.

ЦРУ-дың құпия әскери базасы туралы мәліметтің әшкере болуы АҚШ пен Сауд Арабиясы қарым-қатынасына нұқсан келтіруі ықтимал.
XS
SM
MD
LG