Accessibility links

Ресей орбитаға алты байланыс спутнигін шығарды


Globalstar спутник жүйесін тіркеген Союз-2.1" зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырыған көрінісі. 29 қараша 2011 жыл.
Globalstar спутник жүйесін тіркеген Союз-2.1" зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырыған көрінісі. 29 қараша 2011 жыл.
Байқоңырдан ұшырылған "Союз-2.1а" зымыран тасығышы орбитаға Globalstar-2 байланыс жүйесінің алты спутнигін шығарды деп хабарлайды ресейлік "РИА Новости" ақпарат агенттігі.

Роскосмостың хабарлауынша, 6 ақпанда Байқоңырдан ұшырылған Globalstar-2-нің барлық алты аппараты орбитаға сәрсенбі күні түнде шығарылған.

Globalstar-2 - биыл Байқоңырдан ұшырылған алғашқы спутник жүйесі. Globalstar жүйесінің спутниктері спутниктік ұялы байланыс қызметін көрсетуге арналған. Аппараттар Жерден 1400 километр қашықтықта орналасады.
XS
SM
MD
LG