Accessibility links

Адам құқықтары орталығы басшысы БҰҰ өкілімен кездесті


Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжный. Астана, 26 қаңтар 2012 жыл.
Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжный. Астана, 26 қаңтар 2012 жыл.
Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжный БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының аймақтық өкілінің орынбасары Элизабет Оливейра да Костамен және азшылық топтар құқықтары мәселесіне қатысты сарапшылармен кездесті. Бұл туралы "Интернет-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Кездесу барысында "Орталық Азияда адам құқықтарын қорғау" жобасы талқыланған. Жоба БҰҰ-ның адам құқықтары, этникалық шағын топтардың құқықтары және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанда тұрғын үйге қол жеткізу құқықтарының қорғалуына қатысты ұсыныстарының орындалу мәселелерін қамтиды.

Жиын соңында адам құқықтарын қорғау ұлттық орталығы жобаның іске асырылуына атсалысатыны туралы және БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия аймақтық өкілдігімен ынтымақтасты дамыту жөнінде келісімге келді.
XS
SM
MD
LG