Accessibility links

SCAT: Апат құрбандары отбасыларына өтемақы төленді


Құтқарушылар ұшақ апаты құрбандарының мәйіттерін алып барады. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл.

Құтқарушылар ұшақ апаты құрбандарының мәйіттерін алып барады. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл.

SCAT әуе компаниясы Алматы маңында құлаған ұшақта қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төледі деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Компанияның қоғаммен байланыс директоры Виктория Ульянованың айтуынша, компания 82 миллион теңге болатын өтемақы мен құрбандарды жерлеуді ұйымдастыру жұмыстарына кеткен қаржыны төлеп берген. Ульянова бұдан өзге қаза тапқандардың отбасыларын сақтандыру шаралары да аяқталуға жақын екенін айтады.

29 қаңтарда Алматы маңындағы Қызылту ауылының түбінде компанияның Көкшетау-Алматы бағытында ұшып келе жатқан рейсі құлап, борттағы 21 адам түгел мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG