Accessibility links

Қазақстан президенті Ресейге барды


Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Владимир Путин Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммитінде. Мәскеу, 19 желтоқсан 2012 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Владимир Путин Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммитінде. Мәскеу, 19 желтоқсан 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барды.

Президенттің ресми akorda.kz сайтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Бұған қоса кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ пен Біртұтас экномикалық кеңістікте өзара қарым-қатынас жасау жайы сөз болмақ.

Екі ел басшылары 4 ақпанда телефон арқылы тілдесіп, 8 ақпанда Мәскеуде кездесуге келіскен еді.
XS
SM
MD
LG