Accessibility links

Әзербайжан жазушысы атағынан айырылды


Әзербайжан жазушысы Акрам Айлисли, Баку, 7 ақпан 2013 жыл.

Әзербайжан жазушысы Акрам Айлисли, Баку, 7 ақпан 2013 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жазушы Акрам Айлислиді "Халық жазушысы" атағы мен президенттік зейнетақысынан айырды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент жазушыны атағы мен зейнетақысынан 2012 жылы ресейлік журналда жарияланған "Тас түстер" романы үшін айырып отыр.

Роман Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасындағы шиеленіскен мәселелерді қозғайды. Кітапта 1990 жылдары Әзербайжаннан бөлініп кеткен, халқының басым бөлігі армяндардан тұратын Таулы Қарабах аймағындағы жағдай сөз болып, армяндар жақсы жағынан сипатталған.

Президент жарлығында Акрам Айлислидің "Әзербайжан тарихындағы кейбір деректерді бұрмалағаны және әзербайжан халқының сезімін қорлағаны үшін" жазаланғаны айтылған.

Жазушының өзі атақ пен зейнетақы оның басқа еңбегі үшін тағайындалғанын ескертіп, президенттің шешімі "күтпеген жағдай" болғанын айтты.

Роман әзербайжан қоғамында сынға ұшырап, наразылық шаралары өткен.
XS
SM
MD
LG