Accessibility links

Келесі аптада ірі астероид Жер маңынан өтеді


Астероид.

Астероид.

НАСА ғалымдарының болжамынша, диаметрі 45 метр (150 фут) болатын астероид Жерге 27 мың 700 километр жақын келеді.

Агенттік "бұл - Жерге өте жақын келетін алғашқы ең үлкен астероид" деп хабарлады. Бірақ сарапшылар "оның диаметрі ғарыштық өлшеммен алғанда соншалықты үлкен емес" деп, одан қауіп төнбейтінін ескертті.

Астрономдардың болжамы бойынша, астероид Жерге 15 ақпанда аса жақын келіп, Үнді мұхиты үстінен, Суматра аралдары маңынан ұшып өтеді. Астероид Шығыс Еуропа, Австралия және Азия елдеріне көрінеді.
XS
SM
MD
LG