Accessibility links

Тибетте Қытай саясатына наразы 70 адам ұсталды


Тибеттің картасы. (Көрнекі сурет).

Тибеттің картасы. (Көрнекі сурет).

Қытай полициясы Тибеттің Цинха провинциясында наразылық танытқан 70 тибеттікті тұтқындады. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, тибеттіктер Қытайдың коммунистік режиміне наразылық танытып, өз-өзін өртеу оқиғасынан соң тұтқындалған. Олардың 12-сіне айып тағылған. Бірақ нақты қандай айып екендігі белгісіз.

Тибетте 2009 жылдан бері 100-ге тарта монах және өзге да қарапайым азамат Пекиннің аймақтағы саясатына наразылық танытып, өз-өздерін өртеген еді. Тибеттіктер Пекиннің өздеріне діни еркіндік беріп, қуғындағы рухани көсемдері Далай Ламаның елге оралуына рұқсат етуін талап етеді.
XS
SM
MD
LG