Accessibility links

Пабло Неруданың сүйегіне эксгумация жасалынады


Чилидің танымал ақыны Пабло Неруда.
Чилидің танымал ақыны Пабло Неруда.
Чилидің танымал ақыны әрі саясаткері болған Пабло Неруданың ажалы неден болғанын анықтау мақсатында марқұмның сүйегіне эксгумация жасалынады. Жұма күні Неруданың атындағы қордың өкілдері Чили соты осындай шешім шығарғаны туралы мәлімдеді.

Пабло Неруда 1973 жылы Чилиде әскери төңкерістің нәтижесінде билікке Аугусто Пиночет келген соң бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болған еді. Дәрігерлердің қорытындысында оның рак ауруынан қайтыс болғаны айтылды.

Әдебиет саласы бойынша 1971 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған Неруданың өлеңдеріне Чилиде әскери режимнің билігі тұсында (1973-1990) тыйым салынған еді. Ақынның жақтастары оның өліміне әскери хунтаның қатысы болуы мүмкін деп сезіктеніп келді.

2011 жылы жазда Неруданың көмекшісінің талабы бойынша Чили билігі Неруданың өліміне қатысты зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдаған.
XS
SM
MD
LG