Accessibility links

Жезқазғанда "Қазақмыс" әкімшілігіне наразылық шарасы өтті


"Молодежная газета" басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров.
"Молодежная газета" басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров.
Бүгін Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" кәсіпорнының кеңсесі алдында бір топ адамның қатысуымен наразылық шарасы өтті. Шараға жергілікті белсенділермен бірге және Алматы, Астанадан барған белсенділер де қатысқан. Бұл туралы Азаттық радиосына осы шараға қатысқандардың бірі қарағандылық журналист Ғалым Ақылбеков хабарлады.

Оның айтуынша, түс мезгілінде кеңсе алдындағы алаңқайға келген жергілікті "Молодежная газета" басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров кәсіпорындағы жұмыс орындарын қысқартуға қарсылық білдіріп, жаңа кеніштер ашу қажеттігі туралы "Қазақмыс" корпорациясы басшылығына талаптарын қоятынын мәлімдеген.

Осы жерге келген қалалық прокуратураның өкілі бүгінгі шараға жергілікті атқарушы органның рұқсаты берілмегендіктен ол заңсыз жиын деп есептелетіндігін ескертіп, жұртты тарқауға шақырған.

Берік Жағыпаров жазбаша талаптары "Қазақмыс" өкілдеріне беруге тырысқанымен есік алдындағы күзетшілер оны кеңсеге жібермей қойды деп хабарлады журналист Ғалым Ақылбеков. Осыдан соң жиналғандар тарап кеткен.

Бұл мәселеге байланысты сенбі күні Азаттық тілшісіне "Қазақмыс" корпорациясы әкімшілігінен түсініктеме алу мүмкін болмады.
XS
SM
MD
LG