Accessibility links

Румыния жылқы еті дауына қатысты тергеу бастады


Румыния президенті Траян Бэсеску. Бухарест, 9 желтоқсан 2012 жыл.

Румыния президенті Траян Бэсеску. Бухарест, 9 желтоқсан 2012 жыл.

Румыния президенті Траян Бэсеску "Еуропа елдеріндегі жылқы етіне байланысты туындаған дауға румын өндірушілерінің қатысы бар болса, елдің беделіне нұқсан келетінін" мәлімдеді.

Өткен аптада Еуропаның кейбір елдеріндегі супермаркеттерде сатылған бургерде жылқы еті табылып, шу шыққан еді. Франция "оған румын ет өндірушілерінің, Дания және Кипр саудагерлерінің қатысы бар болуы мүмкін" деген. Осыған байланысты Румыния өзінің ет өндірушілеріне қатысты тергеу бастады.

Ұлыбритания, Франция және Швецияда жылқы еті табылған тағам түрлері дүкендерден алынып тасталды. Франция билігі бұл іске қатысы бар адамдар алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG