Accessibility links

Үндістанда діни фестивальде 36 адам қаза тапты


Аллахабадта Кумбха-мела діни фестиваліне қатысып жатқан үнділер. Үндістан, 10 ақпан 2013 жыл.
Аллахабадта Кумбха-мела діни фестиваліне қатысып жатқан үнділер. Үндістан, 10 ақпан 2013 жыл.
Үндістанның солтүстігіндегі Аллахабад қаласындағы теміржол бекетінде жаяу жүргіншілер көпірі ақпанның 10-ы күні құлап, діни фестивальге жиналған мыңдаған адамның 36-сы аяқ астында тапталып мерт болды.

Мыңдаған адам үнділердің Кумбха-мела деп аталатын діни фестиваліне қатысып жатқан. Фестивальде 30 миллионға тарта адам үш өзен - Ганг, Ямуни және Сарасватидің суынан құралған Сангам суына түсуі тиіс.

55 күнге созылатын бұл фестиваль - дүние жүзіндегі ең ауқымды, әрі ұзақ діни шаралардың бірі.
XS
SM
MD
LG