Accessibility links

Жезқазғандық журналист 7 тәулікке қамалды


«Молодежная газета» басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров.
«Молодежная газета» басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров.
Жезқазғанның әкімшілік соты жергілікті "Молодежная газета" басылымының бас редакторы Берік Жағыпаровты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 373-бабы 3 тармағы ("заңсыз жиын өткізді") бойынша 7 тәулікке қамады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне "Қазақстанның социалистік қозғалысы" ұйымының белсендісі Лариса Бояр хабарлады.

Өткен сенбіде Жезқазғанда "Қазақмыс" кәсіпорнының алдында бір топ адам компанияның жұмысшыларды қысқартуына қарсылық білдіріп, наразылық шарасын өткізген еді. Берік Жағыпаров сол жиында кәсіпорындағы жұмыс орындарын қысқартуға қарсылық білдіріп, жаңа кеніштер ашу қажеттігі туралы "Қазақмыс" корпорациясы басшылығына талап қоятынын мәлімдеген.

Жиынға келген қалалық прокуратураның өкілі шараның заңсыз екенін ескерткен. Жексенбіде журналист Берік Жағыпаровты полиция тұтқындап әкеткен.
XS
SM
MD
LG