Accessibility links

Әзербайжанда бүлік шыққан қала басшысы ауысты


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өткен айда наразылықтар болған Исмаиллы қаласының басшысы Низами Алекперовті қызметінен босатты.

Қаңтарда осы қалада бір министрдің баласы жол апатын жасаған соң жергілікті тұрғындар наразылық танытқан еді. Олар министрдің баласының иелігіндегі қонақүйді, бірнеше қымбат көліктерді өртеп, қала басшысы Низами Алекперовтің орнынан кетуін талап еткен.

Сейсенбіде оқиғаға қатысты алғаш рет сөйлеген Ильхам Әлиев шенеуніктерге "өз-өздерін дұрыс ұстамаса, оның салдары ауыр" болатынын ескертті. Әлиев бұған қоса балалары халықтың намысына тиген шенеуніктер қызметтерінен айырылатынын да айтты.

Алекперовтің орнына бұған дейін аграрлық университеттің ректоры болған Мирдамед Сагидов тағайындалды.
XS
SM
MD
LG