Accessibility links

Ресейде Грузия депутатына айып тағылды


Грузия парламентінің депутаты Гиви Таргамадзе.
Грузия парламентінің депутаты Гиви Таргамадзе.
Ресей билігі Грузия парламентінің депутаты Гиви Таргамадзені өткен жылдың мамыр айында Мәскеудің Болотной алаңындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыптады.

Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, таяуда депутатқа федералдық іздеу жарияланады. Ресей құқық қорғау органдарының сөзінше, Грузия Ресейге берген ақпаратында Таргамадзеге депутаттық дербес құқық берілмегенін айтқан.

2012 жылдың күзінде Кремльге жақтас телеарналардың бірінде деректі фильм көрсетілген еді. Онда Таргамадзенің Мәскеуде "бүлік ұйымдастыру үшін Ресей оппозициясының өкілі Сергей Удальцовпен кездескені" айтылады.

Фильмнен кейін Удальцов пен басқа да оппозиционерлер - Константин Лебедев пен Леонид Развозжаевқа "Болотной алаңында үкіметке қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды" деген айып тағылған. Бірақ оппозиционерлер мен Таргамадзе айыпты жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG