Accessibility links

Ресейдің Челябинск облысында метеорит құлады


Челябинск облысына құлаған метеориттің аспандағы ізі. Ресей, 15 ақпан 2013 жыл.

Челябинск облысына құлаған метеориттің аспандағы ізі. Ресей, 15 ақпан 2013 жыл.

Бүгін Ресейдің Челябинск облысы аумағына метеорит құлап, 400-ге тарта адам жараланғанын хабарлады.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, метеорит сынығы бүгін таңертең Челябинскінің үстінде жарылған. Жарылыстан кейбір үйлердің терезелері сынып, тұрғындар арасында үрей туған. Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, жараланғандар негізінен сынған әйнектер мен түрлі заттардың сынығынан зардап шеккен.

Қазір метеорит құлаған аумақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Челябинск - Орал тауларының шығысында, Мәскеуден 1500 километр қашықтықта орналасқан облыс.
XS
SM
MD
LG