Accessibility links

Оңтүстік Африкалық мүгедек спортшыға айып тағылды


Оскар Писториус пен құрбысы Рива Стенкамп. Йоханнесбург, 7 ақпан 2013 жыл.

Оскар Писториус пен құрбысы Рива Стенкамп. Йоханнесбург, 7 ақпан 2013 жыл.

Оңтүстік Африкалық мүгедек жеңіл атлет, паралимпиада ойындарының чемпионы Оскар Писториусқа "болашақ жарын өлтірді" деген айып тағылды.

Бейсенбіде Писториустың Преториядағы үйінен құрбысы, 30 жастағы модельер Рива Стенкамптың өлі денесі табылып, спортшы тұтқындалған еді. Полиция Стенкамптың төрт рет атып өлтірілгенін хабарлаған.

Паралимпиада ойындарында үш мәрте алтын иеленген Писториустың екі аяғы тізесінен төмен қарай кесілген. Ол Оңтүстік Африканың ұлттық қаһарманы деп саналады. Жарыста пластикалық протез аяқпен жүгіретін Оскар Писториус 2012 жылы Лондондағы олимпиадаға Оңтүстік Африканың атынан қатысқан.
XS
SM
MD
LG