Accessibility links

Facebook хакерлік шабуыл туралы хабарлады


Facebook компаниясының белгісі Нью-Йорк қор биржасының экранындағы жазуда.

Facebook компаниясының белгісі Нью-Йорк қор биржасының экранындағы жазуда.

Facebook компаниясының мәлімдемесінде әлеуметтік желіге қатерлі бағдарламалар мобильдік қосымшаларға арналған деп көрсетілген вебсайт арқылы өткен айда еніп кеткені анықталғаны айтылған.

Facebook қазір қауіптің көзі жойылып, бұл туралы құқық органдарына тиісті ақпарат берілгенін, әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жеке деректеріне зиян тимегенін айтып отыр.

Бұған дейін Twitter шағын блогтар сайтының 250 мыңдай аккаунтына, сондай-ақ «Нью-Йорк таймс» және «Уолл Стрит-Джорнал» басылымдарына хакерлік шабуылдар жасалғаны туралы хабар тараған еді. Кейбір ақпарат құралдары «бұл шабуылдар Қытайдан жасалған» деген күдік айтса, Вашингтондағы Қытай елшісі «ондай айыптаулар негізсіз» деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG