Accessibility links

Ресей: метеориттің зардабы - 13 миллион доллар


Метеориттің жанып құлаған сәті. Оқиға куәгерлері түсіріп алған видеодан көрініс. Челябинск, Ресей, 15 ақпан 2013 ж.

Метеориттің жанып құлаған сәті. Оқиға куәгерлері түсіріп алған видеодан көрініс. Челябинск, Ресей, 15 ақпан 2013 ж.

Ресейдің орталық Орал аймағында жұма күні болған метеорит жауыны 13 миллион доллардың шығынын әкелді деп хабарланды. Бірақ, зиян көлемі бұдан да көбейетін сияқты деп мәлімдеді Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков.

Аспан денесі жерге құлаған кезде қатты жарылыстан Челябинск қаласында көптеген ғимараттың әйнектері сынып қалған. Соңғы деректер бойынша, метеориттен зардап шеккен 1200 адамның көбі әйнек сынықтарынан жарақат алған.

Ресей ғылым академиясы метеорит жердің атмосфера қабатына кірген кезде болған жарылыстың қуаты бірнеше килотоннаға жеткен деп бағалады, бұл кішігірім атом бомабасының жарылыс күшіне тең.

Ақпанның 15-і күні таңертең Қазақстанның солтүстік-батысы мен Ресейдің Челябинск облысының үстінен байқалған метеориттің жанып құлаған сәтін оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған еді.
XS
SM
MD
LG