Accessibility links

Арменияда президент сайлауы басталады


Сайлау комиссиясының өкілі президенттікке үміткерлердің суреттерін ұстап тұр. Ереван, 17 ақпан 2013 жыл.

Сайлау комиссиясының өкілі президенттікке үміткерлердің суреттерін ұстап тұр. Ереван, 17 ақпан 2013 жыл.

Арменияда бүгін екі күнге созылатын президент сайлауы басталады. Бұл - Армения тәуелсіздік алғалы бергі бесінші президент сайлауы.

Сайлауға жеті үміткер қатысады. Соңғы жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, қазіргі президент Серж Саркисянді сайлаушылардың шамамен 70 пайыздайы қолдауы мүмкін.

Сайлау кампаниясы барысында тосын жайттар көп болды. Президенттікке үміткерлердің біріне қастандық жасалып, екінші үміткер аштық жариялады. 2008 жылғы президент сайлауында Саркисянның жеңіске жеткені хабарланған соң елде наразылық танытушылар мен полиция арасында қақтығыс туып, 10 адам құрбан болған еді.

Қазір Армения әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтарынан құтылуға тырысып жатыр. Елдегі экономикалық жағдайды Әзербайжан мен Түркия енгізген блокада да қиындатып отыр. 1990 жылдардағы Таулы Қарабахтағы соғыстан соң Баку мен Анкара Ереванға экономикалық блокада жариялаған еді.
XS
SM
MD
LG