Accessibility links

Түркімен құқық қорғаушылары жазаларын өтеп шықты


2006 жылы түрмеде қаза тапқан түркімен құқық қорғаушысы Огулсапар Мурадова.

2006 жылы түрмеде қаза тапқан түркімен құқық қорғаушысы Огулсапар Мурадова.

Түркіменстанда саяси себеппен сотталған құқық қорғаушылар Сапардурды Хаджиев пен Аннакурбан Аманклычев жаза мерзімдерін аяқтап, түрмеден босап шықты.

Human Rights Watch ұйымының деректеріне қарағанда, құқық қорғаушылар 2006 жылы тұтқындалып, әділетсіз түрде сотталған. Аманклычев, Хаджиев және оның әпкесі Огулсапар Мурадованың қуғындағы құқық қорғау ұйымы - "Түркімен Хельсинки комитетімен" байланысы бар еді. Үшеуі 2006 жылы француз журналисіне Түркіменстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы деректі фильм түсіруге көмектескен соң тұтқындалған. Сол жылдың тамызында жабық сот процесінде ол үшеуі "заңсыз қару-жарақ сақтады" деген айыппен ұсталған еді.

Мурадова сол жылдың қыркүйегінде түрмеде белгісіз жағдайда көз жұмды. Ал Хаджиев пен Аманклычев жеті жылға сотталған.
XS
SM
MD
LG