Accessibility links

"Голос республики" басшысы туысына қатысты сот басталды


Асқар Молдашев. Алматы, 18 ақпан 2013 жыл.

Асқар Молдашев. Алматы, 18 ақпан 2013 жыл.

Бүгін Алматының Бостандық ауданында сот шешімімен жабылған оппозициялық "Голос республики" газетін шығаратын Данияр Молдашевтың ағасы Асқар Молдашевқа қатысты сот отырысы басталды. Сотқа қатысып отырған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Асқар Молдашевқа "ірі көлемде психотроптық заттарды сақтады" деген айып тағылған.

Асқар Молдашевтың адвокаты Инесса Киселеваның айтуына қарағанда, оны 2012 жылдың 31 қазанында тұтқындаған. Әуелде оны жоғарыдағы айыптың ауыр тармақтары бойынша айыптап, іс Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына алқа билер қарауына жіберілген. Бірақ ол сот Асқар Молдашевтың ісін тергеуге жіберген. Тергеуге дейінгі процесте оған тағылған айып аздап өзгерген. Енді Асқар Молдашевтың ісін Бостандық ауданының соты қарайды.

Асқар Молдашев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Ол бұл іс "інісі мен өзінің арнайы қызмет орындарына жұмыс істеуден бас тартқаны үшін" қозғалып отырғанын айтады.
XS
SM
MD
LG