Accessibility links

Гүлнар Дулатова қайтыс болды


Гүлнар Дулатова. Алматы, 24 мамыр 2010 жыл.

Гүлнар Дулатова. Алматы, 24 мамыр 2010 жыл.

18 ақпанда "Алаш" қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы
Гүлнар Дулатова 98 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы Азаттық
тілшісіне марқұмның туысы хабарлады.

Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова 1915 жылы Орынбор қаласында дүниеге
келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген соң зейнетке шыққанға дейін дәрігер болып қызмет атқарды.

Ол - «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,
Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тұлғалар туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы орталық мұражайға, Торғайдағы, Қостанайдағы, Семейдегі және Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарын, кітаптарын, суреттерін, хаттары мен құжаттарын
тапсырған.

Баспасөзде Гүлнар Дулатованың очерктері мен эсселері 1988 жылдан бастап жариялана бастады. 1995-1999 жылдары «Свет истины» («Шындық шырағы») атты екі томдық кітабы жарық көрді. Ол - Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабын және көптомдық шығармалар жинағын құрастырушылардың бірі.

Гүлнар Дулатованың артында екі ұлы мен бір қызы қалды.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG