Accessibility links

Армениядағы сайлауда Серж Саркисян алда келеді


Президенттікке кандидаттар суреті салынған плакатты ұстап тұрған адам. Ереван, 17 ақпан 2013 жыл.
Президенттікке кандидаттар суреті салынған плакатты ұстап тұрған адам. Ереван, 17 ақпан 2013 жыл.
Арменияда өтіп жатқан президент сайлауында қазіргі президент Серж Саркисян алда келеді. Gallup International ұйымының сайлау учаскелерінде жүргізілген сауалнамаларына қарағанда, оған сайлауға қатысқандардың 58 пайызы дауыс берген.

Саркисянға бәсекелес өзге алты үміткердің арасынан екінші орында - бұрынғы сыртқы істер министрі, АҚШ-тан шыққан Раффи Ованнисян сайлаушылардың 32 пайыз дауысын жинаған.

Армения тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері елде осымен бесінші рет президент сайлауы өтіп отыр.Сайлау кампаниясы кезінде үміткерлердің бірі - Паруйр Арикянға қастандық жасалды. Тағы бір үміткер - Андриас Гукасян сайлау алаяқтық жолмен өтеді деп санап, аштық жариялады.
XS
SM
MD
LG