Accessibility links

АҚШ асырап алған ресейлік бала көз жұмды


Балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Павел Астахов.

Балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Павел Астахов.

Ресей үкіметі Техаста (АҚШ) "америкалық әйел Ресейден асырап алған баласы Максим Кузьминді өлтіргенін" хабарлады. 3 жастағы Максим Кузьмин 21 қаңтарда қайтыс болған.

Балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Павел Астаховтың айтуынша, "тергеу амалдары әйелдің баланы өлімші етіп сабағанын және ұзақ уақыт бойы оған психотроптық заттар бергенін анықтаған". АҚШ үкіметі әзірге бұған қатысты түсінік бермеді.

Сыртқы істер министрлігінің адам құқықтары жөніндегі өкілі Константин Долгов Ресей үкіметінің баланың өліміне қатысты тергеу шараларын бақылауына алатынын мәлімдеді.

Ресей "америкалық ата-аналар асырап алған балаларына дұрыс қарамайды" деп әлденеше рет шағым жасаған. 2012 жылдың желтоқсанында ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуына тыйым салатын заң қабылданды.
XS
SM
MD
LG