Accessibility links

Тәжікстанда генералдың өліміне қатысты сот басталды


Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің генералы Абдулло Назаров. 3 қараша 2009 жыл.
Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің генералы Абдулло Назаров. 3 қараша 2009 жыл.
Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысында бүгін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы облыстағы бұрынғы басшысы Абдулло Назаровты өлтірді деп айыпталған екі адамның үстінен сот басталды. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, сот облыс орталығы Хорог қаласында жабық түрде өтіп жатыр.

Абдулло Назаровты 2012 жылдың 21 шілдесінде өлтіріп кеткен еді. Билік қастандықты жергілікті қарулы топтың жетекшісі Толиб Айембеков ұйымдастырды деп айыптап, оның тобына қарсы Хорог пен оған жақын аудандарда арнайы операция жүргізген. Бірнеше аптаға созылған операциядан соң қарулы топ өз еркімен берілген.
XS
SM
MD
LG