Accessibility links

Түркияда 167 адам терроршы деген күдікпен ұсталды


Түркияның ақпарат құралдары қауіпсіздік орындарының Анкара, Стамбул және бірнеше қалада террорист деген күдікпен 167 адамды тұтқындағанын хабарлады. Қауіпсіздік қызметінің мәліметіне қарағанда, ұсталғандардың барлығы Халықтық революциялық азат ету майданы партиясымен байланысты болуы мүмкін.

Марксшіл-лениншіл бағытты ұстанатын партия ақпанның 1-і күні Анкарада АҚШ елшілігі маңында болған жарылысты мойнына алған. Жарылыстан жанкештінің өзі мен түрік полицейі қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Аты-жөнін атамаған түрік қауіпсіздік қызметі шенеунігінің айтуынша, партия мүшелері деген күдіктілер ел аумағына осыдан үш ай бұрын басқа елдерден кіріп, жергілікті экстремистік топтармен байланыс орнатуға тырысқан.

Партия негізінен үкімет өкілдері мен әскерилерге шабуыл жасап, онысын АҚШ империализміне қарсы күрес деп санайды.
XS
SM
MD
LG