Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО қолбасшысы қызметтен кетпек


Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің бас қолбасшысы, генерал Джон Аллен. 10 қазан 2012 жыл.
Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің бас қолбасшысы, генерал Джон Аллен. 10 қазан 2012 жыл.
Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің бас қолбасшысы, генерал Джон Аллен қызметінен кететінін мәлімдеді. Ақ үйдің хабарлауынша, Ауғанстанда 19 ай іссапарда болған генерал енді отбасымен бірге болғысы келеді. Соңғы уақыттарда "Аллен президент Барак Обаманың НАТО жоғарғы бас қолбасшысы болу туралы ұсынысын қабылдамайды" деген әңгімелер пайда болған еді.

НАТО-ның біріккен күштерін басқарып АҚШ-қа оралған Аллен президент әкімшілігінен Обаманың ұсынысына қатысты шешім қабылдауға біраз уақыт беруін сұраған.

Қаңтарда Алленнен оның танысы Джил Келлимен жазысқан хаттарына қатысты тағылған айып алынып тасталған еді. НАТО басшылығы генералдың әскери қызметті жалғастырмау шешімін қолдайтынын білдірді.
XS
SM
MD
LG