Accessibility links

Facebook пен Google өкілдері ғылыми сыйақы тағайындады


Ғылым саласындағы зерттеулерге арналған сыйақыны тағайындағандардың бірі, Facebook-тің негізін салған Марк Цукерберг.
Ғылым саласындағы зерттеулерге арналған сыйақыны тағайындағандардың бірі, Facebook-тің негізін салған Марк Цукерберг.
Facebook-тің негізін салушы Марк Цукерберг пен Google-дің негізін қалаушылардың бірі Сергей Брин және ресейлік инвестор Юрий Мельнер ғылым саласында жыл сайын берілетін сыйақы тағайындады. Сыйақы қатерлі ісік, генетикалық ауруларды емдеу және өмір сүру ұзақтығын зерттеу саласындағы зерттеулерге беріліп отырмақ. Сыйақы бұл жолы 11 ғалымға беріледі.

Breakthrough Prize in Life деп аталатын сыйақының көлемі 3 миллион АҚШ долларын құрайды. Нобель сыйлығына берілетін қаржының көлемі - 1,27 миллон АҚШ долларына тең.

Сыйақыға ие болғандардың аты-жөні таяуда Сан-Францискода жариялануы тиіс. Қор сыйақыны жылына кем дегенде бес рет тапсыруды көздеп отыр. Қорды құрушылар қатарларына жаңа демеушілер қосылып, жеңімпаздар да көбейеді деп сенеді.

Топ ғылымға қызығушылықты арттырып, адам өмірін ұзарту проблемасымен айналысып жүрген ғалымдарды марапаттағысы келетінін айтады.
XS
SM
MD
LG