Accessibility links

Бразилия Ресейден зымыранға қарсы кешен алмақ


Ресейлік С-200 зымыраннан қорғаныс жүйесі. (Көрнекі сурет).
Ресейлік С-200 зымыраннан қорғаныс жүйесі. (Көрнекі сурет).
Бразилия 2014 жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты мен 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындарында әуе кеңістігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресейден зымыраннан қорғаныс жүйесін сатып алуды қарастырып жатыр.

Бұл жайлы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Бразиялиға барған сапарында талқыланды. Бразилия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Рио-де-Жанейро ресейлік орта қашықтықтағы "Панцирь S-1" зымыраны мен артиллериялық құрылғысын, "Игла-S" зымырандарын сатып алғысы келеді. Келіссөздер наурыз айында басталмақ.

Бразилия Ресейден қару-жарақ технологиясын сатып алып, қару-жарақты өздерінде шығаруды көздейді.

Ресей мен Бразиялия - дамушы елдердің БРИКС ұйымына кірген елдер.
XS
SM
MD
LG