Accessibility links

Сирияда жарылыстардан кемінде 61 адам мерт болды


Жарылыстан өртенген көліктер. Дамаск, 21 ақпан 2013 жыл.

Жарылыстан өртенген көліктер. Дамаск, 21 ақпан 2013 жыл.

Сирия ақпарат құралдары бейсенбіде Дамаскіде басқарушы "Баас" партиясының штаб-пәтері мен Ресей елшілігінде болған жарылыстарда 53 адам көз жұмғанын хабарлады. Ал көтерілісшілер құрбан болғандар 59 адам екенін айтады. Кейбір деректерге қарағанда, партия штаб-пәтерінің маңында көлікке жасырылған бомба жарылған.

Жарылыстан Ресей елшілігінің ғимаратына зақым келгенімен, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Шабуылдарды кім ұйымдастырғаны белгісіз.

Қаланың басқа бөлігінде болған өзге жарылыстан тағы сегіз адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG