Accessibility links

Египетте парламент сайлауы 27 сәуірде басталады


Египет президенті Мұхаммед Мурси.
Египет президенті Мұхаммед Мурси.
Египет президенті Мұхаммед Мурси елде парламент сайлауын 27 сәуірде бастап, маусым айында аяқтау туралы жарлық шығарды. Жарлық бойынша, сайлау төрт кезеңнен тұрады. Жаңа халықтық ассамблея 6 шілдеде жұмысқа кіріседі.

Бұдан бұрын Египет парламентінің жоғарғы палатасы - Шура кеңесі конституциялық соттың түзетуімен сайлау туралы жаңа заң қабылдаған еді. Заң сайлауға дайындықты бастауға мүмкіндік береді.

Елдегі қазіргі саяси жағдай тұрақсыз. Зайырлы оппозиция реформалар демократиялық талаптарға сай келмейді деп исламшыл Мұхаммед Мурсиді айыптайды.

Өткен жылы жоғарғы сот сайлау заңнамаларын талапқа сай емес деп танып, парламенттің төменгі палатасын таратқан еді.
XS
SM
MD
LG