Accessibility links

Қырғызстан Centerra Gold-пен келісімді қайта қарамақ


Құмтөр алтын кеніші. Қырғызстан.

Құмтөр алтын кеніші. Қырғызстан.

Қырғызстан парламенті үкіметке 2009 жылы Канаданың Centerra Gold компаниясымен Құмтөр алтын кенішін игеру жөнінде жасасқан келісімнің қаржылық шарттарын қайта қарауға үш ай уақыт берді.

Парламент қабылдаған қарарында үкіметті егер үш ай ішінде компаниямен ешқандай мәмілеге келе алмаса, қолданыстағы келісім-шартты тоқтатуды міндеттеп отыр.

Компания 2009 жылы жасалған келісім бойынша салықты әлдеқайда аз төлейтіндіктен шенеуніктер мемлекет бюджеті миллиондаған доллар кірістен қағылып отыр деп санайды.

Компаниямен келісім-шартты қайта қарау, тіпті кенішті мемлекет меншігіне қайтарып алу туралы талаптар соңғы кезде жиі көтеріліп жүр. Компания басшылығы осы айдың басында "кез-келген келіссөздер қолданыстағы заңнамаларға сай жүруі керек деген тұрғыда мәлімдеме жасаған еді.

Өткен жылдың жазында Қырғызстан парламенті баяндама жариялап, Centerra Gold қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына зиян келтіріп жатыр деп айыптаған. Бірақ компания айыптарды негізсіз дейді.
XS
SM
MD
LG