Accessibility links

Венесуэла үкіметі: Чавестің жағдайы әлі қиын


Уго Чавес ауруханада қыздарымен бірге. Гавана, Куба, 15 ақпан 2013 жыл.

Уго Чавес ауруханада қыздарымен бірге. Гавана, Куба, 15 ақпан 2013 жыл.

Венесуэла билігі ел президенті, қатерлі ісікпен ауыратын Уго Чавестің тыныс алуы бұрынғыдай қиындап кеткенін хабарлады.

Венесуэланың ақпарат министрі Эрнесто Вильегас Чавестің тыныс алу жолдары ауруы мен қатерлі ісіктен емделіп жатқанын мәлімдеді.

Чавес Кубада қатерлі ісіктен емделу үшін төртінші рет операция жасатып, екі айдан соң, 18 ақпанда Венесуэлаға оралған еді.

Ол 2012 жылдың 11 желтоқсанынан бері көпшіліктің алдына шықпаған. Таяуда Венесуэла үкіметі оның ауруханадағы суретін жариялады.
XS
SM
MD
LG