Accessibility links

Microsoft хакерлік шабуыл туралы хабарлады


Microsoft компаниясының белгісі.
Microsoft компаниясының белгісі.
Жұма күні АҚШ-тың Microsoft корпорациясы қызметкерлерінің компьютерлеріне жасалған хакерлік шабуыл әрекеті туралы ақпарат таратты. Компанияның мәліметіне қарағанда, бұл шабуыл осыған дейін Apple және Facebook компанияларына қарсы жасалған әрекетке ұқсас болған.

Microsoft компаниясы өздерінде сақталған пайдаланушылардың деректеріне бұл жолғы шабуылдан зиян тиген жоқ деп отыр.

Соңғы бірнеше айда АҚШ хакерлік шабуылдардан көз ашпай келеді. Жыл басынан бері The New York Times және The Wall Street Journal басылымдары, Twitter микроблог сервисі мен Facebook әлеуметтік желісі кибер шабуылдарға ұшыраған еді. Осы аптада Apple компаниясы да хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG