Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда дін өкілі қамауға алынған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен мешіт қызметкерінің ұсталғаны туралы BNews сайты хабарлады.

Сайрам ауданының прокуроры Сұлтан Орманов «21 ақпанда қамауға алынған азаматқа Қазақстан қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-тармағы бойынша айып тағылып отырғанын» айтқан.

Қылмыстық кодекстің бұл тармағында күш көрсетіп жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу барысында жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген немесе өлтіріп алған, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған балаға қарсы жыныстық қылмыс жасағандарға белгіленетін жаза туралы жазылған.
XS
SM
MD
LG