Accessibility links

Павлодарлық ғашықтар өздеріне қол салмақ болған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Павлодарда екі жас адам - 15 жастағы қыз және 18 жастағы жігіт өздерінің денелеріне пышақ жұмсап ауруханаға жеткізілген деп хабарлады BNews сайты.

«Қыз бен жігіттің дос болуына әлі кәмелетке жасы толмаған қыздың ата-анасы қарсы болған. Бұған наразылық ретінде екеуі де өз денелерін пышақпен жарақаттаған» деп хабарлаған Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметкері Баян Мағзұмова.

Полицияның дерегі бойынша, «құрсақ тұсы кесілген» деген диагноз қойылған жасөспірім қыз облыстық балалар ауруханасына, ал дәл сондай жарақаты бар және сол қолының білегін тілмек болған жас жігіт жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған.

Ішкі істер органының өкілі қазір екі жастың «өміріне қауіп жоқ» екендігін, бұл іс бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG