Accessibility links

Иран делегациясы Алматыға ядролық келіссөзге келді


Иран елінің көсемі Аятолла Әли Хаманеи. Тегеран, 7 ақпан 2013 жыл.

Иран елінің көсемі Аятолла Әли Хаманеи. Тегеран, 7 ақпан 2013 жыл.

Ақпанның 25-і күні Алматыға Тегераннан делегация келді. Олар Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде алты елмен келіссөздер жүргізеді.

Сейсенбі күні Иран өкілдері Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ делегациясымен кездеседі.

Ядролық келіссөздердің соңғы кезеңі (Мәскеуде өткен) айтарлықтай нәтижелі болмаған. Иран делегациясының өкілі Саед Джалили "Иранның құқығын шектейтін, оның міндеттерінен тыс талаптардың барлығы қабылданбайтынын" мәлімдеді. Иран парламентінің өткен сенбіде жарияланған ресми мәлімдемесінде "елдің ядролық бағдарламасын тоқтатудың мүмкін емес екені" айтылды.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп күдіктенеді. Тегеран оны жоққа шығарып келеді. БҰҰ байытылған уран өндірісін тоқтату туралы талаптарды орындамағаны үшін Иранға қарсы бірнеше санкция жариялаған еді.
XS
SM
MD
LG