Accessibility links

Куба президентінің өкілеті тағы 5 жылға ұзарды


Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта). 26 шілде 2012 жыл.
Куба президенті Рауль Кастро (сол жақта). 26 шілде 2012 жыл.
Куба президенті Рауль Кастро өз өкілетін ел парламенті тағы бес жылға ұзартқанын мәлімдеп, отставкаға мерзімі аяқталған соң ғана кететінін хабарлады.

Парламенттің алғашқы отырысында депутаттар вице-президенттікке 52 жастағы Мигель Диас Канельді тағайындаған. Рауль Кастро президенттік қызметін атқара алмай жатқан жағдайда елді басқару құзыреті вице-президентке өтеді.

81 жастағы Рауль Кастро 2008 жылы ағасы Фидель Кастроның орнына билікке келген еді. Ол "Куба басшылары елді он жылдан артық басқармауы керек" деп әлденеше рет айтқан.
XS
SM
MD
LG