Accessibility links

Жамбылда көлік апатынан 3 адам мерт болды


Жол апатына ұшыраған автобус. (Көрнекі сурет).

Жол апатына ұшыраған автобус. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, үш адам қаза тауып, 19 адам жараланды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жол апаты 24 ақпан күні түнде облыс аумағындағы Күйік асуында, Алматы-Ташкент тас жолының 548-километрінде болған. Шымкент-Бішкек бағытында кетіп бара жатқан "Neoplan" жолаушылар автобусы мен Шымкент-Алматы бағытында кетіп бара жатқан "Wan Hool" маркалы автобус соқтығысып, үш адам оқиға орнында мерт болған.
XS
SM
MD
LG