Accessibility links

Иран: "Арго" ЦРУ-ды жарнамалайды


"Оскар" жүлдесін алған "Арго" фильмінің режиссері Бен Аффлек. Лос-Анджелес, 25 ақпан 2013 жыл.
"Оскар" жүлдесін алған "Арго" фильмінің режиссері Бен Аффлек. Лос-Анджелес, 25 ақпан 2013 жыл.
Иран "Жылдың ең үздік фильмі" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесін алған Бен Аффлектің "Арго" фильмін "антиирандық үгіт-насихат құралы" деп атады.

Фильмде 1979 жылғы Иран ислам революциясы кезінде Тегерандағы Канада елшілігінен америкалық дипломаттардың қашып шығу оқиғасы көрсетіледі. Фильм Иран кинотеатрларында көрсетілген жоқ.

Иранның мәдениет және ислам құндылықтары министрі Мұхаммед Хусейни "фильмнің көркемдік мәні жоқ" деп мәлімдеді. Ал мемлекеттік телеарналар "Аргоны" "ЦРУ-ға жарнама жасау құралы" деп атады.

Жартылай ресми Mehr агенттігі "фильмге "Оскар" жүлдесін беру Голливудта қандай саясаттың ықпалы жүретінін көрсетеді" деген тұрғыда пікір білдірді.
XS
SM
MD
LG